Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуіне қатысты шындықты айтты

7 мамыр, 2025 / Алуа Арман
Әлеуметтік желі

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева 32 жасында Өмірсерік есімді азаматпен отбасын құрған болатын. Бүгін актриса күйеуіне қатысты шындықты айтты, деп жазады turkystan.kz.

Оның айтуынша отбасын құрғандарына неше жыл болса да күйеуі  «Алдараспан» театрының ұжымымен таныс емес. Бұл туралы ол «Жарқыраған жұлдыз» бағдарламасында айтты.

«Иә, таныс емес. Өйткені мен тұрмысқа шыққалы бұл жігіттермен сахнаға шыққан жоқпын. Бірге араласып құраласқан жоқпыз. Оның жасыратын ештеңесі жоқ. Сондықтан енді танысып жатыр. Көп босамаймын. Олар бәрі Шымкентте», — деді ол.

Тэгтер:

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева театр Күйеу Алдараспан