Теннисші Александр Шевченко Италиядағы турнирдің іріктеу кезеңінде жеңіске жетті

6 мамыр, 2025 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстан құрамасының теннисшісі Александр Шевченко Римде өтіп жатқан Италия ашық чемпионатының іріктеу кезеңінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осылайша ол «Мастерс» турнирінің негізгі кезеңіне өтті.

Шевченко венгриялық Мартон Фучовичті екі сетте де ұтты. Ойын 6:4, 6:2 есебімен аяқталды.

Сондай-ақ, іріктеу кезеңінің барысында Шевченко аргентиналық Хуан Пабло Фиковичті де 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Шевченконың "Мастерс" турнирінің бірінші айналымындағы қарсыласы кейінірек анықталады.

Тэгтер:

Турнир теннис іріктеу кезеңі Александр Шевченко