Жамбыл облысының прокуратурасы екі ірі инвестордың құқығын қорғады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мемлекеттік қолдау шараларының негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өңдірушілер электр энергиясының құнын жеңілдетілген бағамен төлейді.
Алайда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өңдірушілердің тізіміне енетін, жалпы жобалық құны 2,28 млрд теңгені құрайтын Жамбыл ауданының екі ірі инвесторы 1 кВт сағ электр энергиясы үшін жеңілдетілген 35,85 теңгенің орнына 38,44 теңгеден төлеп келген.
Осылайша, инвесторлар мемлекет берген жеңілдіктерді алмаған.
Прокуратура араласқаннан кейін бұзушылықтар жойылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.