Google енді кино түсіреді: 100 Zeros продакшны іске қосылды

Бүгін, 19:15 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Технологиялық алып Google медиа индустрияға жаңа қадам жасады: компания өз киностудиясын – «100 Zeros» продакшны іске қосты. Енді Google өз фильмдері мен шоуларын түсіруді қолға алып, оларды Netflix және басқа платформаларда ұсынбақ.

Бұл шешімнің қызық себебі бар: Google фильмдер мен сериалдардағы кейіпкерлердің Android құрылғыларын қолданғанын қалайды. Компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі киноларда басымдық iPhone-ға берілсе, енді жаңа жобалар арқылы бұл көріністі өзгерту көзделген.

«100 Zeros» студиясының алғашқы туындысы, хоррор жанрындағы «Кукушка» фильмі 2024 жылы жарық көрді. Фильм арқылы Google Android-ке қоса өзге технологияларын да насихаттай бастады. Жақын арада шығатын жобаларда Gemini жасанды интеллекті, Google Карталар және басқа да сервистер оқиға желісіне шебер кіріктірілмек.

Тэгтер:

кино Google продакшн