Бала терезеден құлап кетпес үшін не істеу керек?

Бүгін, 15:03 / Алуа Арман
ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі балалар терезеден құлап кетпес үшін қалай қорғай керектігін түсіндірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы жағдайға жол бермес үшін:

бала терезені өздігінен аша алмайтындай етіп терезелерге құлып орнатыңыз;

бала өрмелеп шықпас үшін терезенің алдына қандай да бір жиһаз қоймаңыз;

арнайы қорғанысы жоқ москит торларын пайдаланбаңыз;

баланы ешқашан ересектердің қарауынсыз ашық терезелері бар бөлмеде қалдырмаңыз;

балаларға ашық терезе қауіпті екенін және тор болса да, оған сүйенуге болмайтынын түсіндіріңіз.

ТЖМ балалар көп жағдайда үлкендердің қарауынсыз қалғанда құлайтынын ескертеді!

Тэгтер:

Бала Терезеден құлау ТЖМ қауіпсіздік