Астана – Қорғалжын автожолының 19-58 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөнделіп жатқан учаскенің ұзындығы 39 шақырымды құрайды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аталмыш жұмыстарға 8 маман және 8 бірлік техника жұмылдырылды.
Негізгі орындалған жұмыстар:
- 952 м2 ауданда ісінгіш учаскелер жойылды;
- 10 мың м2 астам ауданда ресайкілеу әдісімен жолдың негізі күшейтілді;
- Ақмол ауылында сыртқы жарықтандыру орнатылуда;
- траншеяларда 345 м3 көлемінде топырақ қазылып, 69 м3 құм төселді;
- 2,5 шақырымға кабель төселіп, дәл сондай қашықтықта сигналды таспа орнатылды;
- траншеяларды құммен және топырақпен толтыру жұмыстары жүргізілді;
- жарық тіректерін орнату үшін 80 шұңқыр қазылып, элементтер орнатылып, бетонды фундаменттер құйылды.
Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл бағытта қозғалыс қауіпсіздігі артып, жүргізушілер үшін қолайлы болмақ.