«Кальмар ойынының» 3-маусымы қашан шығатыны белгілі болды

6 мамыр, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: digit.in

Әлем аудиториясын баурап алған Netflix-тің танымал драмасы – «Кальмар ойынының» (Squid Game) үшінші маусымы көрерменге жол тартпақ. Жаңа маусымның тизері жарық көрді. Ал 3-маусымның ресми премьерасы 2025 жылғы 27 маусымда өтеді.

Жаңа бөлімдер бұрынғы маусымдағыдай тосын оқиғалар мен эмоциялық драмаларға толы болмақ.

Айта кетейік, алғашқы маусым 2021 жылы жарық көріп, қысқа мерзім ішінде әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған көрерменнің көңілінен шыққан еді. Екінші маусым да үлкен қызығушылықпен қабылданған болатын.

Тэгтер:

Кальмар ойыны 3 маусым 3-маусым 3 қашан