Шекарадан 250 бас қойды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Бүгін, 12:53 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Түркістан облысының шекарашылары Өзбекстан Республикасына 250 бас қойды заңсыз өткізбек болғандардың жолын кесті, деп хабарлады turkystan.kz сайты 24kz арнасына сілтеме жасап.

Күдіктілердің әрекеті Мақтаарал ауданындағы құмды-шөлейтті алқапты күзету кезінде анықталған. Қойлардың сырғасын тексеру кезінде біразы Ақмола облысының қожалығына тиесілі болып шықты. Осыған байланысты қылмысқа қатысы бар өзге де тұлғалар іздестіріліп жатыр. Биыл қазақ-өзбек шекарасынан бір жарым мыңға жуық ірі қара мен ұсақ малдың аналығын тасымалдау дерегі тіркелді. Шекарашылар заңбұзушылықтың көбеюін, көрші елдегі мал бағасының күрт қымбаттағанымен байланыстырады. Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес елден төрт-түлікті шығаруға уақытша шектеу енгізілген. 

«Бұйрық-талаптарды орындамау Қазақстан Республикасының аумағында малдардың жұқпалы ауруларының кең көлемде таралуы мүмкін екенін ескертеміз. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша ұсталған тұлғаларға қатысты тиісті заңды шаралар жүргізілуде», - деді ҚР ҰҚК Шекара қызметінің түркістан облыстық департаменті бөлімінің анықтаушысы Серік Ағабеков.

Тэгтер:

шекара қой