Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында зілтеміршілер 5 медаль еншіледі

Бүгін, 12:41 / Алуа Арман
olympic.kz

Перу астанасы Лимада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды, оның екеуі — алтын.

Жасөспірімдер арасындағы жарыста Ксения Прозорова (59 келіге дейін) мен Бейбарыс Ерсейіт (61 келіге дейін) бірінші орынға ие болды.

Қола жүлдені Кира Данилова (71 келіге дейін), Ернұр Мырзахметов (73 келіге дейін) және жастар санатында өнер көрсеткен Ерасыл Саулебеков (81 келіге дейін) жеңіп алды.

Тэгтер:

әлем чемпионаты зілтемір жасөспірімдер ауыр атлет