Бүгін – Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні

Бүгін, 11:55 / Алуа Арман
olympic.kz

Бүгін грек-рим күресінің балуаны, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысының Дихан ауылында дүниеге келген.

Грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

1980 жылы ХХІІ Олимпиада ойындарында Мәскеуде жеңіске ие болды. Бірнеше рет Грек-рим күресінен КСРО біріншілігінің жеңімпазы, КСРО халықтарының VI жазғы спартакиадасының жеңімпазы.

1984 жылы Красноярск қаласында жалауын көтерген КСРО кубогында 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіровты үлкен спорттан шығарып салу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

1984-1993 жылдары республикалық кәсіподақ комитетінің спорт мектебінің директоры, 1993 жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры қызметін атқарды.

Спорттағы жетістіктері үшін «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Тэгтер:

Олимпиада чемпионы Туған күн Жақсылық Үшкемпіров Грек-рим күресі