«2 минутта»: Шымкент тұрғыны 120 тонналық вагонды сүйреп, рекорд орнатты

Бүгін, 10:10 / Інжу Әлихан
скриншот

Шымкенттік 52 жастағы спортшы Артық Досалиев 120 тонна болатын 5 вагонды шамамен 22 метр жерге сүйреп, Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлады turkystan.kz сайты «КТК» арнасына сілтеме жасап

Аталған іс-шараны Жеңістің 80 жылдығына арнаған спортшы 120 тоннаны қозғалтуға бір жыл дайындалған. Негізгі меже 20 метрге сүйреу болған. Алайда 52 жастағы қара күш иесі небәрі 2 минут 57 секундта бес вагонды 21 метр 40 сантиметр қашықтыққа тартты.

Гиннес рекордтар кітабы Халықаралық ұйымның ресми өкілдері Артық Досалиевке шара соңында арнайы сертификат табыстады. Елуді еңсерген қара күш иесі «мұнымен тоқтамаймын» деп отыр.

Пауэрлифтингтен бес дүркін әлем, сегіз дүркін Азия чемпионы вагон сүйреуден осыған дейін де үш мәрте рекорд орнатқан.

«Келесі жылы да Жеңіс күні қарсаңында 6,7,10 ,20 вагонға дейін сүйреуге ниеттеніп отырмын. Алдымызда тағы жүк таситын «Боинг» сүйрейміз. Ақтауға барып танкер сүйрейміз, Құдай қаласа, қолдаса. Жастарға үлгі болайын деп, мотивация берейін деп... мына жастарымызға айтарым: жасқа қарамай, 60-70 жасқа дейін спортпен айналысуға болады, ешқандай шектеу жоқ екен, спортпен айналысыңыздар, мықты болыңыздар!», - дейді рекордшы Артық Досалиев.

Тэгтер:

Шымкент рекорд