Ақтау тұрғындары 15-шағынауданда жүрген жабайы жануарды видеоға түсіріп алды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.
ECOJER қауымдастығы жанындағы өңірлік экологиялық кеңестің төрағасы және Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі Әділбек Қозыбақовтың айтуынша, аталған аң шибөрі болуы мүмкін.
Сондай-ақ ол жануардың дала жақтан келгенін, мүмкін, тамақ іздегенін атап өтті.
Ақтауда мұндай жағдай алғашқы рет емес. Сәуір айында да дәл осы 15-шағынауданда тұрғындар қатарынан екі күн бойы қарсаққа ұқсайтын жануарларды байқаған.