Нұрлан Еспановтың ұлы мен келіні неке қидырды

5 мамыр, 2025 / Өтей Торғайұлы

Күні кеше сүйіктісіне ұсыныс жасаған әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас мешітте ақ некесін қидырды, деп хабарлады turkystan.kz.

Жас жұбайлар қуанышты сәті жайында әлеуметтік желіде жазды.

«Бүгін некемізді Ерлан Ақатаев ұстаз қиды. Алла разы болсын ұстаз! Қайырлы, берекелі неке болғай!», - деп жазды қуанышын бөліскен Олжас Оспанов.

Қуанышты жаңалықты естіген желі қолданушылары жастарға бақыт тіледі.

«Бақыттарың баянды болсын!», «Құтты болсын, Олжеке!», «Бақытты болыңдар», «Түрлерің бір-біріңе ұқсаиды екен», «Қадамдарыңызға гүл бітсін!», деп жазды желідегі жұрт.

Еске салсақ, бұған дейін Олжас Еспановтың қалыңдығына тосын сый жасап, ұсыныс ретінде бағалы жүзік сыйлағаны туралы жазған едік.

 

Тэгтер:

келін ұл мешіт ұстаз неке қалыңдық келіншек сый жаңалық ұсыныс Нұрлан Еспанов қуаныш жүзік Ерлан Ақатаев ұыз Олжас Еспанов бөліс жас жұбай қи тосын