Ер адам туысының көңілдесін пышақтап өлтірген

5 мамыр, 2025 / Өтей Торғайұлы
Ашық дереккөзден

Бакудегі ауыр қылмыстар жөніндегі сотта адам өлтірді деп айыпталған Алекбер Самедлидің қылмыстық ісі бойынша сот процесі аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Oxu.Az мәліметінше, судья Анар Садыговтың төрағалығымен өткен сот отырысында үкім оқылды. Соған сәйкес, айыпталушы 10 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды.

Айыптау қорытындысы бойынша, Руфат Рустамов Бакудің Гарадаг ауданында өзіне тиесілі көлік жөндеу шеберханасында болған. Сол кезде оған А.Самедли келіп, екеуінің арасында жанжал шыққан. Самедли Рустамовты өзінің жақын туысына хабарламалар жазып, онымен жақын қарым-қатынаста болды деп айыптаған.

Екі ер адамның арасындағы кикілжіңге қарамастан, маңайдағылар олардың төбелесуіне жол бермеген. Алайда, А.Самедли үйіне барып, пышақ алып қайта оралған. Ол Руфатты көлігіне отырғызып, Әләт кентіне апарып, сол жерде оған төрт рет пышақ сұққан. Р.Рустамов ауруханаға жеткізілгенімен, оның өмірін құтқарып қалу мүмкін болмады.

Қылмыс жасады деген күдікпен А.Самедли ұсталды.

Тэгтер:

Ер адам пышақтаған көңілдесі