Қайғылы оқиға 3 мамырда шамамен сағат 17:25-те Еркінқала ауылында болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Балық аулаймын деп суға кеткен жасөспірімді іздеуге ТЖ департаментінің 19 құтқарушысы, 6 жүзу құралы және 5 техникасы қатысқан.
ТЖ департаментінің берген ақпараты бойынша, 2007 жылы туған Атырау тұрғыны Жайық өзені үстінде моторлы қайықтан суға түсіп кетіп, кері судың бетіне шықпай қалған.
Сонымен қатар іздестіру жұмыстарына полиция департаментінің 8 қызметкері мен 3 техникасы да қатысуда. Іздестіру жұмыстары тоқтаған жоқ.
Суға кеткен жасөспірім 2007 жылы туған, дзюдомен айналысқан, жарыстарға қатысып жүрген.