Алматыда ашық аспан астындағы жаңа музей ашылды

5 мамыр, 2025 / Алуа Арман
ortcom.kz

Алматыда аңызға айналған әскери техникалар қойылған музей ашылды. Мұнда 30-дан астам түпнұсқа және қалпына келтірілген әскери техника үлгілері қойылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Барлық экспонат қалпына келтіріліп, техникалық сипаттамалар мен тарихи мәліметтер жазылған тақталармен жабдықталған.

Экспозицияда Жеңістің символына айналған Т-34 танкі, аты аңызға айналған БМ-13 «Катюша» зымыран тасығышы, сондай-ақ Т-44 және Т-55 сияқты кеңестік танкілер бар. Сонымен қатар, БТР-40, БРДМ-1 және БРДМ-2 бронетранспортерлері, БМП-1 жаяу әскердің жауынгерлік машинасы, әртүрлі гаубицалар, минометтер, зениттік және далалық артиллерия құралдары қойылған.

Тэгтер:

музей танк ашық аспан астындағы музей әскери техника