Белгілі онколог Анаум Максуд рационнан қатерлі ісіктің 8 бірдей түріне шалдықтыратын бір өнімді алып тастауға кеңес береді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Өңделген етті қолданудан үзілді-кесілді бас тарту керек. Себебі оның құрамында күшті канцероген саналатын нитрозаминдер бар. Олар өкпе, бас ми, бауыр, бүйрек, қуық, асқазан және мұрын қуысы қатерлі ісігіне шалдықтыру қаупі жоғары», ─ дейді онколог.
Маманның айтуынша, сонымен қатар өңделген ет тоқ ішектегі қатерлі ісіктің пайда болу қаупін арттырады. Қатерлі ісіктің бұл түрін болдырмау үшін дәрігер рационға мүмкіндігінше жасұнықты көп қосуға кеңес береді. Сондай-ақ ол үнемі жаттығу жасап, салмақты бақылау керек екенін айтады. Дәрігер бұл аурудың алдын алуда Жерорта теңізі деп аталатын диета түрі пайдалы екенін алға тартады.