Ер адам әйелді балаларының көзінше пышақтаған

Бүгін, 17:18 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алматылық келіншек бұрынғы полиция қызметкерінің қолынан қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы жағдай 3 мамыр күні Шұғыла шағын ауданында болған. Ер мен әйел көңіл жарастырып, бірге тұрып жатқан. Сол күні араларында жанжал болып, ер адам келіншекке пышақ сұққан. Одан кейін өзіне пышақ салып, суицид жасамақ болған. Екеуінің үш жас баласы бар.

Қазір күдікті ауруханада жатыр. Оған күзет қойылған. Көз жұмған келіншек ауыл мектебінің директоры болған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Тэгтер:

Полиция қылмыс Алматы пышақтау