Пришахтинскіде жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан баланы көлік қағып кетті, деп хабарлады turkystan.kz сайты ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 4 мамыр күні Луначарский көшесінде болған. Mitsubishi автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргінші өткелінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жол апаты салдарынан 10 жастағы бала медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Сараптама нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, баланың қасында велосипед болғаны белгілі болды. Жол апатына дейін ол велосипедпен жүрген болуы мүмкін, алайда жолдан өтер алдында велосипедтен түсіп, жаяу жүрген.