Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша Елордадағы Кенесары көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жөндеу жұмыстары Сембинов көшесінен Брусиловский көшесіне дейін қамтиды.
5 мамырдан бастап 11 мамырға дейін жолдың осы бөлігінде қозғалыс шектеледі.
Автокөліктер екі бағытпен де жүре алады. Жолдың тек бір жағында.
Азаматтардан осы өзгерістерді ескеруді сұрайды.
Сондай-ақ Елорданың ондаған учаскесінде құрылыс, реконструкция жұмыстары жүргізіліп жатыр.