Екібастұз қаласында баланың қолы су тазалайтын аппаратта қыстырылып қалды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Қолын өз бетінше шығара алмай жатқан баланы көрген адамдар көмек сұрап, 112-ге хабарласты», – делінген ТЖД хабарламасында.
Оқиға орнында құтқарушылар болгарканы пайдаланып, аппараттың есігін кесіп, баланың қысылған қолын шығарды.
Құтқарушылардың кәсібилігінің арқасында балаға дер кезінде көмек көрсетілді.