Ақмола облысының полициясы мен еріктілер жоғалып кеткен 6 жастағы баланы іздестіріп жатыр. Бала 30 сәуірде үйінен шығып, содан кейін оралмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Баланың жоғалып кеткені туралы арыз 30 сәуір күні Қорғалжын ауданының полиция бөліміне түскен. Анасының айтуынша бала кешкі сағат жетіде шығып, содан кейін оралмаған.
«Алдын-ала дерек бойынша бала жоғалып кеткен күні оны Нұра өзенінің аумағынан көрген. Одан кейін хабар жоқ», - деді полиция.
Баланы іздеуге полиция, құтқарушылар, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.