Жақын күндері 38 градусқа дейін күн ысиды

Бүгін, 12:29 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа-райы тұрақсыз болады. Алайда Қазгидромет мамандары бірқатар өңірде күн ыситынын айтып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оңтүстіктен келетін циклон ауа-райын тұрақсыз етеді. 6-8 мамырда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, 8 мамырдан бастап орталық, шығыс, оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады.

Сондай-ақ 6-7 мамырда Батыс қазақстанда, Атырау, Маңғыстауда, 7-8 мамырда Ақтөбе облысында нөсер жауады.

Қарағанды облысында, оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз болады. 8 мамырда оңтүстік-шығыста дауыл болуы мүмкін.

6 мамырда Павлодар мен Абай облысында, 6-7 мамырда Шығыс Қазақстан облысында түнгі, таңғы уақытта үскірік болады.

Сонымен қатар бірқатар өңірде ауа температурасы көтеріледі. Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста 20-25 градустан 24-29 градусқа дейін, орталықта 22-30 градустан 27-35 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 25-32 градустан 30-38 градусқа дейін ысиды.

Тэгтер:

Қазгидромет Жаңбыр Температура жауын-шашын ауа-райы градус ауа-райы болжамы