Кеше Skype мәңгіге өшірілді. Осылайша, Microsoft 23 жыл жұмыс істеген сервисті тарих қойнауына жіберді.
Бір дәуір аяқталды: 2025 жылғы 4 мамырда Microsoft Skype мессенджерін ресми түрде жапты. Енді тек естеліктер қалды: микрофонды жөндеп, өз даусыңды есту, «файл қабылдансын» деп секунд санап күту, әлсіз интернетпен арпалысу.
2000-жылдары қашықтан сөйлесу мен бейнеқоңыраулардың символына айналған сервис енді тарихтың бір бөлігіне айналды.