Жетісуда тракторшы-машинист куәліктері заңсыз беріліп келген

Бүгін, 10:36 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жетісу облысының Ақсу ауданының прокуратурасы ауыл шаруашылығы техникасын жүргізу куәлігін заңсыз беру фактілерін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақсу аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің лауазымды тұлғасы Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы туралы» Заңының талаптарын бұза отырып, бұрын сот шешімімен көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 3 тұлғаға тракторшы-машинист куәлігін заңсыз берген.

Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша барлық 3 куәлік тәркіленіп, күші жойылды.

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін кінәлі тұлғаға қызметке толық сәйкес еместігі туралы жарияланды.

Тэгтер:

Жетісу тракторшы жүргізуші куәлігі машинст