Ковид жұқтырады деп қорыққан: Испанияда 4 жыл бойы балаларын далаға шығармаған ата-ана ұсталды

Бүгін, 10:23 / Дана Ізтілеуова
www.istockphoto.com

Испанияның Овьедо қаласында полицейлер Германиядан көшіп келген философ пен оның әйелін қамауға алды, деп хабарлайды turkystan.kz La Nueva Espana-ға сілтеме жасап.

Ерлі-зайыптылар 4 жыл бойы 8-10 жастағы  үш баласын үй қамақта ұстап, сыртқы әлеммен байланысын үзген. Басты себеп – жұқпалы аурулар, соның ішінде ковид жұқтырып алады деп қорыққан.

Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар балаларды қатаң бақылауда ұстаған. Сыртқы әлеммен байланысын үзген. Азық-түлікті курьер арқылы алдыртып отырған. Көршілер балалардың дауысын естіген, алайда оларды ешқашан көшеде жүргенін көрмеген. Сондықтан олар арада бір кінәрат барын сезіп, полиция шақыртқан.

Тексеріс кезінде балалардың жағдайы мүшкіл екені белгілі болды. Олар жаялықша киіп, медициналық маска тағып жүрген. Бірінші рет көшеге шыққан кезде тіпті шөпке қызыға қараған. Полицейлер ата-анасының дәретхананы қолдануға кесте енгізіп, медициналық каннабис енгізгенін айтады.

Балалар дәрігерлердің қарауында, ал ата-анасына қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Тэгтер:

ата-ана Ковид жұқтыру дала ковид жұқтыру