Қай өңірлерде ауа сапасы нашарлайтыны белгілі болды

Бүгін, 06:35 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

- 2025 жылғы 5 мамырда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Жезқазған, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Атырау қаласында күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.