Жібек Құламбаева Германиядағы турнирде топ жарды

Бүгін, 01:14 / Нұрлан Әлинұр
Фото: KTF

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева латвиялық әріптесі Дарья Семенистаямен бірге Германияның Висбаден қаласында өткен ITF турнирінің жұптық сайысында чемпион атанды, деп хабарлайды ҚТФ.

Бірінші партияда чехиялықтар 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде қазақстандық латвиялық жұп есе қайырды - 6:3. Супер тай-брейкте Жібек пен Дарья жеңісті жұлып алды - 11:9. Финалдық матч 1 сағат 37 минутқа созылды.

Чехиялық жұп — турнирдің 3-нөмірлі фавориттері болған.
Бұл жеңіс Жібек Құламбаеваның халықаралық деңгейдегі жоғары шеберлігін тағы бір дәлелдеді. Турнир бойында латвиялық әріптесі екеуі бірнеше мәрте матчты шешуші тай-брейкте жеңіп шыққан болатын.