Алматының Алма-Арасан шатқалында жардан тас құлады

Бүгін, 12:35 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Толассыз жауған нөсер жауыннан кейін Алматының Алма-Арасан шатқалындағы жардан тас құлады.

Оқиға кезінде сауықтыру кешенінің аумағында демалушылар болған. Олардың бірі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Салдарынан келушілерге арналған күрке құрылысы бүлініп, киім ауыстыратын бөлменің бір бөлігі зақымданған. 

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті комитеті, оқиға 2 мамыр күні сағат 16:10 шамасында Алма-Арасанның (Проходное шатқалы) радонды бұлақтарда болғанын атап өтті.


Фото: видеодан алынған кадр
– Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары аталған жерге жедел шығып, аумақты тексеру және тас құлағннан кейінгі салдарын бағалау жұмыстарын ұйымдастырды. Радон көзі орналасқан 31,8 гектар жер учаскесі Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман қоры жерлеріне жатпайтыны анықталды, – деп түсіндірді ведомстводан.

2014 жылы жүргізілген орман қалыптастыру жұмыстары бойынша, сондай-ақ 2023 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалы ұсынған хат пен картаға сәйкес, радон көздері Алматы қаласының Бостандық ауданы мен Алматы облысының аумағында орналасқан.