Актер Асылхан Төлепов лауазымды қызметке тағайындалды

Бүгін, 10:04 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Танымал актер Асылхан Төлепов Instagram-дағы парақшасында жаңа қызметке тағайындалғанын жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Қазақстан таеквондо федерациясының мәдени интеграциялар бойынша арнайы өкілі атанғаныма қуаныштымын! Бұл – мен үшін үлкен мәртебе. Себебі бұл ұйым тек спортты ғана емес, жас буынның рухын, тәртібін және Отанға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеп жатыр.

Кеше мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып, біздің спортшылардың шеберлігіне және жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына куә болдым.

Таеквондо – бұл жай ғана спорт емес, бұл болашағы зор қозғалыс. @qaz.tkd Маған артқан сенімдеріңіз үшін алғыс айтамын. Жаңа белестерге бірге жетеміз!", – деп жазды ол.