Жәнібек Әлімханұлы маңызды мәлімдеме жасады

4 мамыр, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: X/Janibek Alimkhanuly

Жеңілмеген қазақстандық боксшы, орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) Instagram парақшасында алдағы жоспары туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Үшінші титулды алу жолында үлкен жұмыстар атқарылып жатыр! Құдай қаласа тарих жасалады!», - деп жазды ол.

5 сәуірде Астанада Жәнібек Әлімханұлы жеңілмеген француз Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) екі чемпиондық титул үшін жекпе-жек өткізіп, нокаутпен жеңді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев боксшыны чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады.

Бұл жеңісі үшін «Қазақ стилі» карьерасындағы ең қомақты гонорарды алды.