61 жастағы мұғалім 10-сынып оқушысына сезімін білдіргені анықталды

Бүгін, 00:20 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Ташкентте 61 жастағы мұғалім 2008 жылы туған шәкіртіне деген сүйіспеншілігін білдіріп, сабақ үстінде әдепсіз қылық көрсеткені үшін сотталды. Бұл туралы Daryo.uz қалалық сотқа сілтеме жасап хабарлады.

2025 жылғы 2 мамырда Мырза Ұлықбек аудандық қылмыстық істер жөніндегі соты 1964 жылы туған физика пәнінің мұғалімі И.Р.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Ол аудандағы №18 жалпы орта мектепте физика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған. 2024 жылдың 4 қарашасынан бастап сол мектепте оқитын 2008 жылы туған 10-сынып оқушысына қатысты жөнсіз әрекеттер жасаған.

Атап айтқанда, ол оқушыға түрлі «смайликтер» жіберіп, 2025 жылдың 8 ақпанында орыс тілінде «я тебя люблю» деген сияқты сөздермен сезімін білдіріп, сыныптастарынан оның жеке өмірі туралы сұрап, сабақ кезінде оған қарап, сексуалдық әрекеттер жасаған.

Сотта мұғалім қызды екі жыл бойы аңдып жүргенін, оны жақсы көретінін, жаман ниеті жоқ екенін айтып, жеңіл жаза сұрады.

Бойжеткен оқиға туралы 2025 жылдың 29 сәуірінде анасына хабарлаған. Анасы мектеп әкімшілігіне хабарлағанын, бірақ олар мәселені «сыртқа шығармай» шешуге тырысқанын және ешқандай тәртіптік шара қолданбағанын айтты. Мектеп директоры қыздан мұғалімнің дауысты жазбасын алуды сұраған, бірақ мұғалімге ешқандай шара қолданбаған.

Тергеу барысында мұғалімнің қызға сыныптастарының бірі арқылы «Менен қорықпасын, мен оны жақсы көремін, менің маңызды жоспарларым бар, оған үйленгім келеді» деп хабарлама жібергені анықталды.

Сот мұғалімді кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы үкім шығарды.