Қалыңдық таппаған инженер өзі құрастырған роботқа үйленді

5 сәуір, 2017 / Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
ашық дереккөзі
Қалыңдық таппаған инженер өзі құрастырған роботқа үйленді 31 жастағы Қытай азаматы Чжэн Цзяцзя робот-әйелді 2016 жылдың соңында құрастырып шығарған. Иньин есімді бұл робот қытай иероглифтерін, картиналарды ажыратып, аздап сөйлей алады. 31-наурызда өткен некелесу тойына жігіттің туыстары мен достары қатысқан. Қытайдың салт-дәстүріне сай робот-қалыңдыққа қара костюм мен қызыл шарқат кигізілген. Чжэеннің достарының бірі оның ұзақ уақыт бойы өзінің теңін таппай қиналғанын айтады. Енді инженер «әйелін» одан әрі жетілдіріп, үй шаруасына иекемдемек.