Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін, 3 мамырда Астанада өткен халықаралық Qazaqstan Hockey Open турнирінде Беларусьпен кездесті.
Бас бапкер Олег Болякин ойынға төмендегі қазақстандық хоккейшілерді шығарды: Павленко (Әмірбеков); Бекетаев-Метальников, Панюков-Лихотников-Әсетов; Бреус-Гайтамиров, Михайлис-Шестаков-Рымарев; Михайлов-Данияр, Қайыржан-Өмірбеков-Савицкий; Королев, Мұратов-Волков-Мұхаметов, Оспанов.
Кездесу барысында беларусьтік Александр Скоренов 14-минутта есеп ашса, оның әріптесі Вадим Мороз 59-минутта қорытынды есепті белгіледі. Осылайша ел құрамасы қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберді.