Оралда студентті бопасалағандар ұсталды

3 мамыр, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: БҚО ПД

Орал қаласында полиция қызметкерлері студентті тонады деген күдікпен 21 жастағы жігітті қолға түсірді.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, күдікті студентті қорқытып, мобильдік қосымша арқылы ақша аудартқан. 

- Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бұдан бұрын да басқа құқық бұзушылықтармен жауапқа тартылғаны белгілі болды, - деп хабарлады ведомстводан.