Шымкенттен Астанаға бағыт алған ұшаққа құс соғылды

2 мамыр, 2025 / Өтей Торғайұлы
Ашық дереккөзден

Шымкент – Астана бағыты бойынша ұшақ қонған сәтте оған құс соғылып, рейс бірнеше сағатқа кешікті, деп хабарлады turkystan.kz Liter.kz-ке сілтеме жасап.

SCAT әуе компаниясының мәліметінше, зақымдалған бөлшекті ауыстыруға байланысты күту уақыты кезінде Астана – Шымкент бағытымен ұшуы тиіс жолаушыларға қонақүйден орын беріліп, әуежай терминалында тамақпен қамтамасыз етілген.

«Компания құстардың ұшу бағытына әсер ете алмайды және осындай жағдайлардан туындаған рейстердің кестесіне өзгерістерге түсіністікпен қарауды сұраймыз. Жолаушылардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз», – делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Тэгтер:

Шымкент Астана Ұшақ