Астанада Жеңіс күні мерекелік отшашу болады

2 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
Астана қаласының әкімдігі

Елордада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 9 мамырда демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылатын мерекелік отшашу өтеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Отшашу 9 мамыр күні сағат 22.00-де екі жерден ұйымдастырылады: Ботаникалық бақ және «Атырау» көпіріне іргелес аумақ. Әр жерде 4 мыңға жуық рет атылады.

Еске сала кетейік, Астанада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған 100-ден астам түрлі іс-шара жоспарланып отыр. Оның ішінде концерттер, ғылыми конференциялар, мектептерде тәрбие сағаттары, спектакльдер өтеді.

Тэгтер:

Астана Отшашу салют 9 мамыр Жеңіс күні жеңістің 80 жылдығы