Доллар 4 теңгеге қымбаттады

2 мамыр, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағамы 516,16 теңгені құрады. Осылайша 3,68 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық банктің бүгінгі күнге бекіткен ресми бағамы 512,34 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше қазір Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 518,66 теңгеден, Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 519,54 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, 28 сәуірде доллар 1,3 теңгеге, 29 сәуірде 1,18 теңгеге арзандаған болатын.

Тэгтер:

Валюта теңге доллар бағамы ақша айырбастау пункті