Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінде қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz.
Дзюдошы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті. Әбужақынова жартылай финалға дейін жетіп, Қытай спортшысы Вэньне Чжуанға жол берді.
Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол өзбекстандық Улбусин Хакимовамен кездесіп, тиімді әдіс арқылы кездесуді мерзімінен бұрын аяқтап жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы бірінші жарыс күнін бір медальмен аяқтады.