Ақтөбеде жасөспірімдер зираттағы құлпытастарды қиратып кеткен (ВИДЕО)

2 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
instagram

Ақтөбе обылыс Мұғалжар ауданы Көтібар батыр ауылында 3 жасөспірім зираттағы құлпытастарды бұзып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

Мәрмәр тастан жасалған құлпытастардың қирап жатқаны туралы видеоны Аqtobe_sergek парақшасы жариялады.

Полиция оқушылардың ата-аналарын тауып, жауапкершілікке тартты.

«Учаскелік полиция инспекторлары күдіктілерді іздестірді. Үшеуі де кәмелет жасқа толмаған. Олар құлпытастарды құлатып, бүлдірген. Балаларын дұрыс бақыламаған ата-аналар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс аясында жауапқа тартылады. Себебі балалардың бәрі 7-8 жаста. Сонымен бірге бүлінген құлпытастарды қалпына келтіреді. Облыстық полиция департаменті ата-аналарға бала тәрбиесін назардан шығармай, заң бұзудың алдын алуға шақырады», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Тэгтер:

Ақтөбе Жасөспірім зират құлпытас