«Үйін бердім»: Жігер Ауыпбаев жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді

2 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
instagram

Белгілі әнші Жігер Ауыпбаев бірінші отбасына қатысты тараған ақпаратқа нүкте қойды, деп хабарлады turkystan.kz.

Өнер иесі балаларымен қарым-қатынасы жақсы екенін және баспанасын беріп кеткенін айтты.

 «Үйін беріп қойдым, бастысы. Үйсіз-күйсіз жүрген жоқ. Балаларыммен араласып тұрамыз. Менің пранк жасап жатқанымды хабардар. Үлкен балам өнерге жақын болғандықтан, әзіл ретінде түсінеді деп ойлаймын. Бет көріспей кеткен күніміз болған жоқ», – деді ол журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында.

Ескс сала кетейік, әнші бұған дейін отбасылы болғанын, бірақ келіншегімен мінездері жараспағандықтан, екі жаққа кеткенін мәлімдеген болатын.

Тэгтер:

Беташар әнші Бала Отбасы үй Әйел өнер Жігер Ауыпбаев пранк