18 әлем және Еуропа чемпионатына барған жанкүйер қайтыс болды

2 мамыр, 2025 / Дана Ізтілеуова
Фото Global Look Press

Әлемге танымал жанкүйер, футбол жарыстарынан қалмайтын Мануэль Касерес Артесеро (лақап аты – Маноло-дабылшы) 76 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz Football Espana-ға сілтеме жасап.

Ауруханаға түскен Маноло тыныс алу органдарының асқынуы салдарынан қайтыс болған. Футболдан Испания ұлттық құрамасы Instagram-дағы ресми парақшасында Манолоның туған-туыстарына көңіл айтып, жазба жариялады.

Олар оны ең адал жанкүйерлердің бірі екенін атап өтті. Маноло Испания құрамасын қолдау үшін 9 әлем чемпионаты мен 8 Еуропа чемпионатына барған.

Тэгтер:

әлем чемпионаты жанкүйер Еуропа чемпионаты Маноло Мануэль Касерес Артесеро