Тапа-тал түсте 64 жастағы әйелді тонаған азамат ұсталды

2 мамыр, 2025 / Алуа Арман
polisia.kz

Түркістан қаласындағы аялдамалардың бірінде ер адам 64 жастағы әйелге шабуыл жасаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әйелдің мойнындағы әшекейін жұлып алып, сөмкесін тартып алуға тырысқан.

Мұны видеобақылау камерасы арқылы дер кезінде байқаған полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, күдіктіні ұстады. Ол мас болған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тэгтер:

Түркістан тонау шабуыл