Жамбылда лауазымды тұлғаға аса ірі көлемде пара бергендер сотталды

2 мамыр, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

2024 жылғы наурызда сағат 01:30 шамасында екі күдікті «Тараз қаласының қаржы бөлімі» КММ басшысына 90,2 млн теңге пара берген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оларға делдал болған үшінші адам – Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы да сол жерде болған. Олар параны сот үкімімен жойылуы тиіс болған 2 мың қорап темекі өнімін алу үшін берген. Бұл процесс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің бақылауымен өткен.

«Пара алушы» лауазымды тұлға мен «делдал» бұл істің заңсыздығын түсініп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке аса ірі мөлшерде пара беру фактісі бойынша арызбен жүгінген.

Осылайша пара берген екі күдіктінің бірі 10 жылға, екіншісі 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ олар белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Тэгтер:

жемқорлық Жамбыл лауазымды тұлға пара беру