Тәжірибелі испандық футболшы Қазақстан чемпионатында ойнамақ

2 мамыр, 2025 / Дана Ізтілеуова
Жеңіс ФК

Астаналық «Жеңіс» клубы 32 жастағы испандық шабуылшы Мигель Анхел Хунко Мартинеспен келісімшарт жасасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мартинес – испандық «Райо Кантабрия» клубының түлегі. «Альмудевар», «Сариньена», «Туделано», «Марино Луано», «Херес Депортиво» және «Химнастика Сеговиана» клубтарында доп тепкен. Сонымен қатар камбоджиялық «Свайриенге», малайзиялық «Негри-Сембилан» және финляндиялық «КТП» командаларында да ойнаған. «КТП» сапында Финляндия Жоғары дивизионына өтіп, 2022 жылғы маусымның үздік сұрмергені мен үздік ойыншы атанған.

Тэгтер:

Қазақстан чемпионаты испандық ойыншы тәжірибелі испандық футболшы