Уолл стриттегі жанжал: инвестициялық банк қызметкерлерді аптасына 110 сағат жұмыс істеуге мәжбүрлеген

2 мамыр, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

АҚШ-тағы беделді инвестициялық банктердің бірінде еңбек жағдайларына байланысты жанжал шықты. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды, деп хабарлайды turkysran.kz.

Жас банкирлер аптасына 110 сағатқа дейін жұмыс істеуге мәжбүр болған. Бұл күніне шамамен 16 сағаттан асады, кей кездері таңғы 4-ке дейін жалғасатын көрінеді.

Екі қызметкер қатты қажып, ауруханаға түсіп қалған. Олардың бірі денсаулығына байланысты HR бөліміне шағымданған, бірақ көп ұзамай «дұрыс жұмыс істемейді» деген себеппен жұмыстан шығарылған.

Қоғамда бұл жағдай қызу талқыланып жатыр. Сарапшылар еңбек құқықтарының бұзылып жатқанын айтып, мәселе терең зерттелуге тиіс деген пікір айтып жатыр.

Тэгтер:

банк жұмыс жанжал Уолл стрит еңбек шарты