Оралда тұрғын үйдің терезесіне түлкі кептеліп қалған

2 мамыр, 2025 / Алуа Арман
ТЖМ

Орал қаласының Исатай – Махамбет көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйлердің бірінің терезесіне түлкі кептеліп қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

112 пультіне түлкінің терезеге кептеліп, өздігінен шыға алмай қалғаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары келіп, аспалы құралдардың көмегімен түлкіні босатып алды.

Тэгтер:

Орал түлкі