Зілтемірші Бейбарыс Ерсейіт әлем чемпионы атанды

2 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
Olympic.kz

Қазақстандық зілтемірші Бейбарыс Ерсейіт Лимада елінің Перу қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ауыр атлет 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік болып, алтын медаль жеңіп алды.

Қоссайыс сомасында қазақстандық 262 кг (117+145) килограмм көтерді.

Екінші орынды Рамазан Йылмаз (Түркия) - 261 (108+153) килограмм иеленді. Үздік үштікті Абубакар Цакаев (Ресей) - 252 (113+139) килограмм жапты.

Тэгтер:

әлем чемпионаты Медаль Жасөспірім алтын зілтемір ауыр атлетика Бейбарыс Ерсейіт