Теннисші Жібек Құламбаева халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты

2 мамыр, 2025 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстан құрамасының теннисшісі Жібек Құламбаева Германияның Висбаден қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық спортшы жұптық сында сәтті өнер көрсетіп жатыр. Құламбаева мен латвиялық Дарья Семениста ширек финалда Норвегия өкілі Ульрикке Эйкери мен жапониялық Эри Ходзумиден басым түсті.

Кездесу нәтижесі: 6:3, 1:6, 10:7.

Жартылай финалда Құламбаева мен Семенистая жапониялық Нао Хибино және ресейлік Виталия Дьяченко жұбымен кездеседі.

Тэгтер:

Турнир теннис Жібек Құламбаева жартылай финал