Түркияда тағы да жер сілкінісі болды

1 мамыр, 2025 / Өтей Торғайұлы

Түркияның Анталья қаласына қарасты Серик ауданында магнитудасы 3,9 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Түркия үкіметіне қарасты Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасы (AFAD) мәлімдеді.

Мәліметке сәйкес, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 17:43-те тіркелген.

Зілзаланың ошағы 94 шақырым тереңдікте орналасқан.

Тэгтер:

Түркия жер зілзала эпицентр сілкініс ошақ